Эпицентрі Антакья қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 25 км қашықтықта орналасқан, онда шамамен 210 мың адам тұрады. Ошағы 2 км тереңдікте жатыр.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы хабарланған жоқ.
Айта кетейік, 6 ақпанда Түркия — Сирия шекарасында магнитудасы 7,8 балдық жер сілкінісі тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, апаттан 23 миллионға жуық адам зардап шекті.
Мамандар жер сілкінісінің экономикалық шығынын 20 миллиард доллардан (18,8 миллиард еуро) астады деп бағалады.