Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 40 миллиард теңге жұмсалды. Бұған қосымша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 5 миллиард теңге сомасына әлеуметтік төлем төленеді.
2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 531,3 мың адам, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша шамамен 190,8 мың адам болды.
Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты белгіленеді.
Қазіргі таңда еңбек қабілетінен айрылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері – 33 146 теңге, асыраушысынан айрылу бойынша – 34 349 теңге.