БҚО-да тікұшақ апатты жағдайда қонып, төрт адам қаза болды

Бұл туралы азаматтық авиация комитеті хабарлады.

23 ақпанда сағат 15:50-де Батыс Қазақстан облысының Чапурино ауылынан алты шақырым жерде «Қазавиақұтқарудың» 2022 жылы шығарылған Ми-8 АМТ тікұшағы жерге қатты соғылып қонды.

Бортта алты адам – бес экипаж мүшесі және «ҚазТрансОйл» АҚ өкілі болған.

Тікұшаққа төтенше жағдайлар министрлігінің іздестіру тобы жеткен. Төрт адам қаза болды, екі адам жарақат алды.

Азаматтық авиация комитеті тікұшақтың жерге соғылып қонуы кезінде қаза болған азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады, — делінген хабарламада.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің тергеу департаменті тексеру жүргізеді.