Оның айтуынша, маман тапшылығына жалақының аздығы себеп.
Бүгінгі таңда 15 мыңдай тәрбиеші жетіспейді. Әрине, бірінші себебі, жалақының аздығы. Жалақы аз болғаннан кейін жас мамандар тарапынан қызығушылық жоқ. Содан кейін жұмыс істеп жүрген мамандар біраз тәжірибе жинағаннан кейін айлығы көп мектепке ауысып кетіп жатады. Айналып келгенде барлығы жалақының аздығына байланысты, — деді Адамова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Ол балабақша саны көп өңірлерде тапшылық қатты сезілетінін айтты. Олар Түркістан мен Алматы облыстары, Астана қаласы.
Институт директорының мәліметінше, Қазақстанда 11 104 мектепке дейінгі ұйым бар. Оның ішіне балабақшалар да, шағын орталықтар да кіреді. Оларда 1 миллионнан астам бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Балабақшалардың 70%-і қазақ тілінде тәрбие береді.