Басты бетЖаңалықтарЕлімізде 1,4 миллион теңгенің гранттарына өтініш қабылдау басталды

Елімізде 1,4 миллион теңгенің гранттарына өтініш қабылдау басталды

Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында бірінші лекпен 2 577 адамға гранттар беру жоспарланып отыр. Мемлекеттік грант жаңа бизнесті іске қосу және дамыту үшін өтеусіз беріледі. Гранттар қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, — дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары.

Өтініштер Business.enbek.kz порталында қабылданады. Гранттың көлемі — 400 АЕК-ті (1 380 000 теңге). Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады. Өтініш беру үшін қажет:

  • порталда тіркелу;
  • грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
  • бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
  • өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Интернет немесе компьютер болмаған жағдайда, халықты жұмыспен қамту орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтініш беруге болады. Жаңа бизнес-идеяны іске асыруға мемлекеттік грант алуға үміткерлер:

  • тіркелген жұмыссыздар;
  • жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін)
  • мүгедектігі бар адамдар;
  • қолданыстағы «қандас» статусы бар адамдар;
  • өңіраралық қоныс аударушылар;
  • аз қамтылған отбасы мүшелері;
  • көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы/зайыбы);
  • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы);
  • асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.

Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуға тиіс.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да