Асан Әзімханұлы есімді желі қолданушысы Facebook әлеуметтік желісіне газеттің кешегі санында (2017 жыл 1 наурыз, 5-6 беттер) жарық көрген тест сұрақтарын суретке түсіріп жүктеген. Сынға ұшырауына эстрада жұлдыздары жайлы сұрақтардың кірістірілуі себеп болған. Атап айтқанда Баян Есентаева, Ермек Тұрсынов, Нұртас Адамбайдың фильмдеріне қатысты сұрақтар қойылған. Ал спортшылардан Геннадий Головкин жайлы да бар. Бұл сұрақтардың ешбір пәнге еш қатысы жоқ. Желіге жүктеген қолданушы ҰБТ форматының өзгергенін, бұл сұрақтардың «Оқу сауаттылығы» деген жаңа бөлімге саятынын да жеткізген.
Тест сұрақтарының қатарында Nur.kz сынды сайттардан да ақпарат алынған. Осыған қатысты Асан Әзімханұлы: «Оқу сауаттылығы» форматына келісуге болады. Академиялық сауаттылық бүкіл әлемдік тенденция, игеру, білу міндетіміз. Менің түсінбегенім, осы сауаттылыққа ақпарат көздерін қайдан аларын білмеген бе? Бабалар сөзінің 100 томдығын ашып қарасын, ол болмаса көптеген ЖОО-да ғылыми Хабаршы журналдары бар, солардан алсын», деп жазады.
Бұл жаңалық желі қолданушыларынның наразылығын тудыруда. Көпшілік: «Не деген масқара бұл? Болашақ ұрпақ бұдан қалай сауатты болады?» — деген уәж айтып, сынға алып жатыр.