Елімізде шетел көліктерін заңдастыру науқаны жалғасып жатыр. Қазіргі кезде 61 мың адамның өтініші мақұлданды. 25 мың көлік иесі тиісті құжаттар мен нөмірлерін алды. Заңдастыру шарасы 1 шілдеге дейін жалғасады, — деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің апталық брифингінде.
Айта кетейік, шетел автокөліктерін заңдастыру биыл 1 шілдеге дейін жалғасады.
Автокөлікті заңдастыру төлеміне келсек, 200 мың теңге мемлекеттік алым, 4 313 теңге паспорт бажы және мемлекеттік нөмір үшін 9 660 теңге төлеу қажет. Сонымен қатар шетелдік көлік иелері утиль алымнан босатылады.