ҚР үкіметінің қаулысымен Ақерке Естайқызы Ахметова басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР әділет вице-министрі қызметінен босатылды, — делінген хабарламада.
Ақерке Ахметова 1975 жылы Алматыда туған. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Көкшетау университетін, ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Sheffield университетін бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы бастаған. Түрлі жылдары коммерциялық салада жұмыс істеген.
2000 жылдан бастап ҚР әділет министрлігінің құрылымында жұмыс істейді. Бас маман, халықаралық келісімшарттар жобаларын сараптау бөлімінің басшысы, департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
2015-2017 жылдары — ҚР әділет министрлігінің халықаралық құқық және ынтымақтастық департаментінің директоры болды.
2019 жылдың қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін әділет вице-министрі қызметін атқарған.