Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, жер сілкінісінен 8 574 адам қаза болып, 49 133 адам жарақат алған. Зардап шеккен провинцияларда 6 444 ғимарат қираған.
Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында бірқатар жер сілкінісі болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шекті.
Ең жойқын жер сілкінісінің магнитудасы 7-ден жоғары болды. Табиғи апаттар салдарынан Түркияда көптеген ғимарат қирады.