Гуманитарлық көмек ұлттық волонтерлар желісіне (Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 11/5, 5 қабат, 505-кабинет) жиналады.
Сонымен қатар гуманитарлық көмек республикалық маңызы бар барлық қала мен облыс орталығындағы Birgemiz өңірлік волонтерлар фронт-офисі кеңсесінде қабылданады. Сөйтіп Ұлттық волонтерлар желісі арқылы Қазақстан Республикасындағы Түркия елшілігіне тапсырылады.
Қажет заттар:
- Көрпелер, ұйықтауға арналған қаптар.
- Термос, қол шамы, пауэрбанк.
- Жөргектер, жеке гигиена құралдары (гигиеналық төсемдер).
- Қысқы киім (ересектер мен балаларға арналған, заттар жаңа болуы керек), пальто-курткалар, жаңбырға арналған жамылғы, етік, жемпір, шалбар, қолғап, шарф, қалпақ, шұлық, ішкиім және басқа материалдар.
Ал қаржылай көмек мына реквизиттер арқылы қабылданады:
Заңды тұлғалар үшін:
- «Қазақстан халық банкі» АҚ
- «Ұлттық волонтерлар желісі» ЗТБ
- БСН 120940015916
- БИК: HSBKKZKX
- Р/С: KZ23601A871001005521
Жеке тұлғалар үшін:
Kaspi.kz қосымшасында — Төлемдер — Қайырымдылық бөлімінде: «Ұлттық волонтерлар желісі» ЗТБ Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек.
Барлық сұрақ бойынша Birgemiz республикалық волонтерлар фронт-офисінің ақпарат орталығына хабарласуға болады: +7 708 706 4242, Қабанбай батыр көшесі 11/5, 505-кабинет.