Жалпы бүгінде Түркияда консулдық есепте Қазақстанның 968 азаматы тұр. Анкарада — 498, Ыстанбұлда – 45, Анталияда -189 адам. Оған қоса Түркияда 8 219 қазақстандық студент білім алып жатыр. Жалпы түрік тарапының мәліметінше, елде Қазақстанның 785 мыңға жуық азаматы болуы мүмкін, — деді Айбек Смадияров.
Қазақстан азаматтары мен олардың туыстарына арналған шұғыл желі ашылды.
ҚР сыртқы істер министрлігінде 72-05-00 нөмірі бойынша жедел желі ашылғанын хабарлаймыз. Осы телефон арқылы азаматтарымыз бен олардың туыстары көмек сұрай алады. Бұдан басқа жақын арада Түркиядағы Қазақстанның дипломатитялық өкілдіктерінің шұғыл байланыстары қосымша жарияланады. Барлық келіп түскен ақпараттар қосымша тексеріледі. Жер сілкінісі аймақтарындағы гуманитарлық апатты ескерсек, іздеу-құтқару жұмыстары біраз уақыт алады. Түркиядағы азаматтарымыз туралы қандай да бір ақпараты болса немесе туыстары байланысқа шықпаса, дереу шұғыл желі нөміріне (72-05-00) немесе Түркиядағы дипломаттарымызға хабарлауды сұраймыз, — деді СІМ ресми өкілі.
Айта кетейік, қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды.
ҚР денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарына дәрігерлер жіберуге дайын екенін мәлімдеді.
Түркиядағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 3 381 адамға жетті.