Басты бетЖаңалықтарМинистр пияз...

Министр пияз бағасына қатысты пікір айтты

Үкіметте өткен брифингте журналистер министрге ірі азық-түлік желілеріндегі пияз бағасының күрт көтерілуіне қатысты сауал қойды.

Бұл қысқа мерзімді өсімге байланысты дүрбелең. Біз пияз нарығындағы кейінгі айда қалыптасқан жағдайды білеміз, — деп жауап берді Қарашүкеев.

Ол былтыр 1,5 миллион тонна пияз өндірілгенін, оның 1 миллион 100 мыңы тек Жамбыл облысында өндірілгенін айтты.

Кейін пияз экспорттаушы Пәкістандағы табиғи құбылыстардың салдарынан (су тасқыны, ауа райының аяқ астынан суытуы) пияз жеткізу көлемі азайды. Сонымен қатар көршіміз Өзбекстанда пиязға сұраныс артты. Осы жағдайларды ескере отырып, біз пияз экспортына уақытша шектеу қойдық, — деді министр.

Министрдің айтуынша, пияз бағасы бақылауда. Бүгінде Жамбыл облысында 100 мың тонна пияз қоры бар. Бұл келесі егіс маусымына дейін жеткілікті.

Қазір көтерме баға 150 теңгеден 230 теңге арасында ауытқып жатыр. Бұл құбылыс логистикамен байланысты. Жақын арада мәселе реттеледі. Елімізде пияз бар. Статистикаға сүйенсек, ақпанның басында, Астанада пияздың келісі 190 — 210 теңге болды, — дейді ауыл шаруашылығы министрі.