Олардың ішінде саяси кеңес мүшелері, мәжілістің VII шақырылымының бұрынғы депутаттары, өңірлерден келген делегаттар, партияның «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері, сонымен қатар сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері және басқалар бар.
Бүгін саяси кеңес бюросының шешімімен съездің бектуіне партиялық тізімнен 90 адамның және бір мандаттық округтер бойынша 29 адамның кандидатурасы ұсынылып отыр. Осылайша алдағы парламент мәжілісінің сайлауына қатысу үшін Amanat партиясының кезектен тыс XXV съезінде бекітуге 119 канидат ұсынылады, — деді Елнұр Бейсенбаев.
Съезд делегаттары тізімге енген кандидаттарды мақұлдау туралы бірауыздан шешім шығарды. Ал мәслихаттар сайлауына партия атынан 3 821 адамның кандидатурасы ұсынылып отыр.
Жаңа ғана біз үміткерлердің тізімін бекіттік. Amanat партиясы мәслихаттарға 3 821, ал мәжіліске 119 кандидат ұсынды. Міне олардың бәрі осы жерде. Бәріміз иық тірестіріп тұрмыз. Барлық өңірдің өкілдері бар, — деді партия төрағасы Ерлан Қошанов.
22 жасында Алматы мәслихатының өткен шақырылымының депутаты болған паралимпиадашы Серік Есматов қоғамның игілігі үшін еңбек ету әрбір қазақстандықтың қолынан келетінін атап өтті.
Екі аяғымнан айырылсам да, өмірімді өзгерте алдым және елімізді жақсы жаққа өзгерткім келеді. Заманауи және Әділетті Қазақстанды құру ісіне бүкіл қоғамның атсалысуы маңызды, — деді Серік Есматов.
Сонымен қатар съезде журналист, Алматы мәслихатының VII шақырылымының экс-депутаты Сергей Пономарев, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсендісі Ариана Белобжицкая, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы мәслихатының депутаттығына кандидат Жұлдыз Жұманқызы және ақын Алмас Ахметбекұлы сөз сөйледі.
Пікір алмасудан және дауыс беру рәсімінен кейін Amanat партиясының кезектен тыс XXV cъезінің шешімімен партиялық тізімдер мен бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін және партияның сайлауалды бағдарламасын бекітті.
Сайлауалды бағдарламаның толық мәтіні үгіт-насихат кезеңінің алғашқы күнінде жарияланып, партияның сайтында орналастырылады.