Тиісті тапсырманы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді. Борт бірінші кезекте Газиантеп қаласына барады.
Жасақ құрамында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, кинологиялық есептер және апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар.
ТЖМ құтқарушыларының иелігінде құтқарушы құрал-жабдықтары: гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар.
Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айтты және үкіметке Түркияға шұғыл көмек беруді тапсырды.