Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Азамат Бейісбеков 1985 жылы Қарағандыда дүниеге келген. Е. А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Еңбек жолын 2006 жылы ҚР кедендік бақылау комитетінің кедендік рәсімдеу маманының міндетін атқарушы болып бастаған.
2009-2011 жылдары — ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігі индустриялық саясат және стратегиялық жоспарлау департаменттерінің сарапшысы, бас сарапшысы;
2011-2012 жылдары — ҚР премьер-министрі кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы;
2012-2015 жылдары ҚР президенті әкімшілігінің стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2015-2020 жылдары — ҚР қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің консультанты; инспекторы; сектор меңгерушісі;
2020-2022 жылдары ҚР қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.
Бұған дейін осы лауазымда болған Ержан Мырзабаев берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды.