Басты бетЖаңалықтарБиыл Алматының...

Биыл Алматының цифрлық егізі құрылады

Ерболат Досаевтың айтуынша, Алматының цифрлық егізіне көлік, экономикалық, экологиялық және құрылыс деректері енгізілетін болады. Сонымен қатар үлкен деректерді талдау негізінде қаланы дамыту сценарийінің функционалы бар платформаланы енгізу жоспарланып жатыр.

Қабылданған қаланы дамыту бағдарламасындағы 7 негізгі басымдықтың бірі «Алматы – Смарт-сити» құру. Ағымдағы жылдың күзіне қарай Сингапур және Шанхай сияқты мегаполистерге ұқсас қаланың «цифрлық егізін» құруды бастау жоспарда. Былтыр қыркүйек айында Алматы Almaty Data Lake-бірыңғай деректер қоймасы жобасымен IEEE Smart Cities Awards Contest халықаралық «ақылды қалалар» байқауының финалисі атанды, — деді Ерболат Досаев.

Шаһар басшысы қаланың одан әрі дамуына, жақсаруына маңызды жобалар мүмкіндік беретінін атап өтті.

Биыл бірыңғай бейнемониторинг жүйесі Алматының 80%-ін қамтиды. Бұл – цифрландыруға қатысты цифрландыру емес, ең алдымен, жайлы қалалық орта құру және қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету,- деді әкім.