Басты бетЖаңалықтарМарқұм болған...

Марқұм болған сенатордың өкілеті тоқтатылды

Өткен аптада әріптесіміз Гүлмира Кәрімова кенеттен қайтыс болды. Бұл қаза баршамыздың қабырғамызды қайыстырып кетті. Гүлмира Райымбекқызы Солтүстік Қазақстан облысында жауапты қызметтер атқарып, өңірдің өркендеуіне зор еңбек сіңірді. Білім және ғылым министрлігінде еңбек етіп, отандық білім беру саласын дамытуға үлкен үлес қосты. Таяуда ғана сенат депутаты болып сайланған әріптесіміз, шын мәнінде, білікті маман еді. Осындай қиын жағдай — үлкен трагедия. Сол себепті, ең алдымен, әріптесіміздің отбасы мен жақындарына сенат атынан тағы да көңіл айтамыз, — деді сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Жалпы отырыс барысында палата депутаттары Гүлмира Кәрімованың өкілетін тоқтату туралы қаулыны қабылдады.

Айта кетейік, сенатордың қаза болуына байланысты сенат депутатының өкілеті тоқтағаннан кейін, орталық сайлау комиссиясы 2 айдың ішінде шығып қалған депутаттың орнына өңірде сайлау өткізуге тиіс.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 27 қаңтар күні түнде жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова кенеттен қайтыс болды.