Тоқаев: Астанада құрылыс қарқыны бәсеңдесе, 30 мыңға жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін

Мемлекет басшысының айтуынша, тұрғын үй құрылысы саласында көптеген мәселе қордаланып қалды.

Инженерлік инфрақұрылымның жоқтығына байланысты әкімдік тұрғын үй құрылысының қарқынын кезең-кезеңімен төмендетуді ұсынып отыр. Бұл ретте елордада бала туу деңгейі жоғары, көші-қон ағыны көп. Құрылыс қарқыны бәсеңдегенде 30 мыңға жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін екенін ұмытпауымыз керек. Мұндай проблемаларды болдырмау үшін қаланың дамуын жүйелі жоспарлау қажет, — деді мемлекет басшысы.

Ол елорда қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі керектігін атап өтті.

Салынып жатқан барлық нысан заманауи энергия үнемдейтін технологияларды қолдануы керек, — деді президент.