Отбасылық қаражатты кім басқаруы керек?

Психологтар мамандардың айтуынша, отбасылық бюджетті басқарудың үш түрі бар:

  1. Ортақ табысты ер адам басқарады

Бұл жағдайда әйелі өзінің жеке қажеттіліктеріне де ақша сұ­рап алатын болады. Психологтар болса, ер адамдардың көпшілігі үнемшіл келеді дейді.

2. Қаржылық шешімді әйел қабылдайды

Қазақта қаражатты әйел адам басқарғаны ерсілеу қабылданады. Сондай-ақ, ғылымда әйел адам аяқ астынан сауда жасауға, ойланбай ше­шім қабылдауға бейім келетіні де анықталған.

3. Отбасылық

Қазіргі отбасылардың көпшілігіне осы жақындау. Себебі, қазір көп отбасыларда ерлі-зайыптылардың екеуі де қара­жат табады. Бұл жағдайда ақшаны ақылдасып жұмсаудың тиімділігі байқалады.

Отбасылық бюд­жетті жос­парлаудың үш түрлі ережесі:

  1. Ақшаны үнемдеуге емес, көбірек табыс табуға ұмтылу. Көп жағ­дайда адамдар керісінше жолды таңдайды.
  2. Екін­шіден, балаға кішкен­тайынан ақшаны орынды жұм­сауды үйрету.
  3. Үшіншіден, отбасылық кеңес. Яғни, барлық шығындар мен кіріс­терді есептеп, бір-бірімен ақылдасып отыру.

Отбасылық бюджетті жоспарлауда әр отба­сы­­ның өзіндік стилі мен тәсілдері болатыны анық. Бірақ отба­сылық қазынаның молаюына әйел­дің жігері де жеткілікті деуге толық негіз бар. Мы­салы, ғалымдар әйелінің күйеуіне көңілі толып, үнемі ерін ойлайтын болса, ол үйдің азаматы табысқа кенелетінін айтады. Ал керісінше, күйеуін кінәлап, оған ренжігенде әйел өзі қаламаса да ерінің жолын жабады екен.

Ал сіздің үйіңізде қаражатты кім басқарады?

ДереккөзEgemen.kz