Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттау фактісі бойынша У. есімді азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
Сотталған адам түзету мекемесінде 2020 жылдан бері жазасын өтеп келе жатыр. Ол жазасын өтеу кезінде қамауда отырғандар арасында радикалды идеологияны таратып келген, — делінген хабарламада.
2023 жылғы 5 қаңтарда Оралдың №2 соты оны қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-тармағы бойынша кінәлі деп танып, 4,5 жылға бас бостандығынан айырды.
Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдары арқылы толық дәлелденді. Сот шешімі заңды күшіне енді.