Нұр-Сұлтанда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Бүгін, 29 cәуірде, сағат 8-ден 14-ке дейін Нұр-Сұлтанда терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өтеді.  Бұл туралы елордалық терроризмге қарсы күрес жедел штабы хабарлады.

29 сәуір сағат 8:00-ден 14:00-ге дейін елордалық терроризмге қарсы күрес жедел штабы «ҚТЖ» АҚ техникалық жолаушылар паркі аумағында (Шу көшесінің аяғы, әл-Фараби даңғылы мен Қошқарбаев көшелерінің қиылысында) терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізбекші. Іс-шараның мақсаты — жедел штаб күштері мен құралдарының террористік белгілерге шұғыл әрекет ету бойынша міндеттерін орындауға дайындығын тексеру. Оқу-жаттығу кезінде барлық күрделі элементтер қолданылады, -деді жедел штабтан.

Ведомствоның мәліметінше, техникалық жолаушылар паркі аймағында шектеу шаралары қарастырылған.

Азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарап, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға және жауапты мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талабын орындауға шақырамыз, — делінген хабарламада.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Жаңадан сайланған мәжіліс депутаттары ант берді

VIII сайланған мәжілістің жаңа депутаттары палатаның жалпы отырысында Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді.

Ақша айырбастау пунктерінде доллар 453-458 теңгеден сатылып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 453-458 теңгеден саудаланып жатыр.

Алматыдан 580 шақырым жерде жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 30 наурызда сағат 08:22-де жер сілкінісін тіркеді.

Педагогтардың білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды

Бүгіннен бастап app.testcenter.kz сайтында педагогтардың білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды.

Алматыда қоныс аудару қоры құрылады

Жыл соңына дейін Алматыда қоныс аудару қоры құрылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Президенттің 29 наурызда сөйлейтін сөзі тікелей эфирден көрсетіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді.