Депутаттар жасырын дауыс беру арқылы ел президенті ұсынған кандидатураны бірауыздан мақұлдады. Әшімбаевты сайлауға 50 депутат дауыс берді, қарсы даулар жоқ, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Мәулен Әшімбаевты Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын.
Мәулен Әшімбаев 2020 жылдың мамырынан 2023 жылдың қаңтарына дейін сенат төрағасы қызметін атқарған.