Жақында ғана мәжіліс пен мәслихаттарға сайлау науқаны өз жұмысын бастады. Бұл негізгі мемлекеттік институттарды кешенді түрде жаңғыртудың соңғы сатысы болмақ. Мәжіліс пен мәслихаттардың аралас моделін қалыптастыруға көшіп жатырмыз. Барлық әлеуметтік топтың мүддесін қорғау тұрғысынан мұның мәні зор. Бұл өзгеріс өкілді билік тармақтарының барлық деңгейіне айтарлықтай ықпал етеді, — деді Тоқаев.
Оның айтуынша, кейінгі жылдары жүргізілген саяси өзгерістер, сайлау заңнамасына енгізілген түзетілер партия құру ісіне тың серпін берді.