Елімізде жол жұмысшыларының жалақысы 30%-ке өсті

Еңбекақысы ұлғайған қызметкерлердің қатарында республикалық маңызы бар тасжолдарды тәулік бойы күтіп-ұстаумен айналысатын желілік және негізгі өндірістік персонал қызметкерлері, қосалқы өндіріс қызметкерлері бар.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторының хабарлауынша, қыс мезгілі басталғалы жол қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.

Жол жұмысшылары күндіз-түні қыс мезгілінде жолдарды күтіп-ұстау бойынша жұмыстар атқарып, сонымен қатар жолда қиын жағдайға тап болған жолаушыларға көмек көрсету жұмыстарын да жалғастырып жатыр, — делінген хабарламада.