Басты бетЖаңалықтарМектептерде қазақ...

Мектептерде қазақ тілін білу деңгейі емтихан арқылы анықталады

Оқу-ағарту министрлігі бұйрығының жобасы 3 ақпанға дейін жалғасатын қоғамдық талқылауға шығарылған.

2023-2024 оқу жылынан бастап негізгі орта (5-8-кластар), жалпы орта (10-класс) білім деңгейінде академиялық жылды аяқтаған кезде қазақ тілінде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі» пәні бойынша және қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша емтихан енгізіледі, — делінген бұйрық жобасында.

Бұйрықта бұл жаңашылдық мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» үкімет қаулысын орындау үшін енгізілгені айтылған.