Қорғаныс ведомствосының ақпараттандыру департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы бейнеконференция байланыс жабдығын жеткізу мерзімдерін бұза отырып, қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеткізушіден 20 000 АҚШ доллары сомасында пара алды деген күдікке ілінді.
Күдікті ұсталып, Астананың тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жарияланбайды.