Басты бет Жаңалықтар ОСК: Мәжіліс пен мәслихат сайлауы бір күнде өтеді

ОСК: Мәжіліс пен мәслихат сайлауы бір күнде өтеді

Мәжіліс пен мәслихат сайлауы бір күнде - 19 наурызда өтеді. Мұндай шешімді орталық сайлау комиссиясы қабылдады.

Фото: Сабира Жаңаберген

Мәжіліс депутаттарын да, барлық деңгейдегі мәслихаттарға да бір күні, 19 наурызда сайлау өткізу ұсынылады. Біз ОСК мүшелерімен бұл мәселені талқыладық. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкенттің аумақтық сайлау комиссияларына тиіс шаралар қабылдауды тапсырамын, — деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров отырыс барысында.

ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын орталық сайлау комиссиясы президенттің жарлығы негізінде тағайындайтынын және мәслихаттар өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс екенін айтты.

Айта кетейік, кандидаттарды ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанда сағат кешкі 18:00-де аяқталады.

Exit mobile version