Басты бет Жаңалықтар Мәжіліс сайлауына кандидаттарды ұсыну бүгін басталады

Мәжіліс сайлауына кандидаттарды ұсыну бүгін басталады

Парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 20 қаңтарда басталады. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді.

Фото: Zakon.kz

Кандидаттарды ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанда сағат кешкі 18:00-де аяқталады. Мәжіліс 98 депутаттан тұрады. 69 депутат партиялық тізімдер бойынша, ал 29 депутат бір мандаттық аумақтық округтер бойынша сайланады, — деді Константин Петров ОСК баспасөз мәслихатында.

Мәжіліс депутаттығына мынадай талаптар қойылады:

  • Қазақстан азаматы болуы;
  • кейінгі он жылда Қазақстан аумағында тұруы;
  • кем дегенде 25 жаста.

Мына адамдар депутат бола алмайды:

  • сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған;
  • сотталғандығы өтелмеген немесе алынып тасталмаған;
  • сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам кандидат бола алмайды.

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарды ұсыну құқығы саяси партияларға, ал бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сонымен қатар егер жарғыда тиісті өкілет көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.

Exit mobile version