Бүгін сенаттың жалпы отырысында «2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңы қаралды. Сенат заңның жекелеген баптарын жаңа редакцияда ұсынып, оны мәжіліске қайтарды.
Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АБИИ) арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялауға мүмкіндік беретін заң жобасын қарауға алды.
Мәжіліс депутаттары вандализм үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша түзетулер пакетін қабылдады. Соның ішінде ұсақ бұзақылық үшін айыппұлдарды арттыру ұсынылып отыр.