Басты бет Жаңалықтар Президент мәжілісті таратып, сайлау күнін белгіледі

Президент мәжілісті таратып, сайлау күнін белгіледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлау қашан өтетінін айтты.

Фото: Matritca.kz

Мемлекет басшысы жетінші шақырылымдағы мәжілісті тарату және Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2023 жылғы 19 наурызға тағайындау туралы шешім қабылдады.

Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясына мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыру тапсырылды.

Мемлекет басшысы үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды дереу қабылдау керегін айтты.

Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Exit mobile version