Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Барлық орын әкімдіктердің және төтенше жағдайлар департаменттерінің ресми сайттарында көрсетілген. Шомылушылар үшін барлық қауіпсіздік шарасы жасалған. Сонымен қатар полиция, дәрігерлер мен құтқарушылардың кезекшілігі ұйымдастырылған, — делінген хабарламада.
Діни мерекеде қайғылы жағдайдың алдын алу үшін төтенше жағдайлар, полиция, медицина, әкімдік саласының үш мыңға жуық қызметкері мен 1 000 техника болады.
Шығыс Қазақстан облысының су айдындарында 5 600-ден астам адам шомылды, оның ішінде 300-ден астам бала. Шомылу рәсімі ресми түрде дайындалған 20 жерде өтті. Шомылатындардың басым көпшілігі облыс орталығынан болған. Мұнда 2 900-ден астам адам шомылу рәсімінен өтті.
Солтүстік Қазақстан облысында шомылуға және қасиетті су алуға арналған 27 орын белгіленген. Ал Алматы облысында 11 орын шомылуға арналған.
Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті суға түсушілерге қарапайым ережелерді сақтауға шақырады. Төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу 112, 101 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз, — деп хабарлайды төтенше жағдайлар мамандары.
Шомылу орындары 20 қаңтар түнгі екіге дейін ашық болады.