Былтыр желтоқсанда электрон еңбек биржасында 106,1 мың бос жұмыс орны және 36,6 мың түйіндеме орналастырылды. Алдыңғы аймен салыстырғанда сұраныс 16%-ке өсіп, ал ұсыныс 27%-ке төмендеді.
2021 жылмен салыстырғанда бос орындар саны да (+16%) және түйіндемелер саны да (+73%) өскен. Салалар бөлінісінде кадрларға деген қажеттілік ауыл шаруашылығында (13,3 мың бос жұмыс орны), басқа да қызмет түрлерінде (10,3 мың бос жұмыс орны) және де орта білім беру саласында (9,8 мың бос жұмыс орны) тіркелді.
Көптеген өңірлерде бос жұмыс орындарының саны артты. Мәселен, бір айда Түркістан облысында бос жұмыс орындарының саны 15,3 мыңға дейін жетіп, 170%-ті, ал Алматы облысында 10,6 мыңға дейін өсіп 105%-ті құрады. Бұл ретте бір айдағы орналастырылған барлық бос жұмыс орындарының 44%-і төрт өңірге (Түркістан, Алматы облыстары мен Астана, Алматы қалаларына) тиесілі, – деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Александра Молчановская.
Желтоқсанда елордадан басқа барлық өңірлерде ізденушілердің белсенділігінің төмендеуі байқалды. Мәселен, Алматы (-48%), Қарағанды (-7%), Шығыс Қазақстан (-45%) және Түркістан облыстарында (-45%) түйіндемелер саны азайды. Бұл ретте Түркістан облысы (3,3 мың) Алматы қаласы (3,4 мың) мен Астана қаласы (5,7 мың) жарияланған түйіндемелер саны бойынша көш бастады.
Желтоқсан айында білікті қызметкерлерге жоғары сұраныс байқалды, 55% немесе 58,7 мың бос жұмыс орнын ұсынушылар жұмыс іздеушілерден кәсіби біліктіліктің болуын талап етті. Алайда бұл көрсеткіш алдыңғы аймен салыстырғанда төмен. Алдыңғы айда қажеттілік 69% немесе 63,2 мың бос жұмыс орнын құраған еді. Бұл ретте біліктілігі жоқ еңбекке сұраныстың 69%-ке немесе 19,3 мыңға өсуі байқалды, – деді Александра Молчановская.
Түркістан (15,3 мың бос жұмыс орны және 3,3 мың түйіндеме), Алматы (10,6 мың бос жұмыс орны және 1,6 мың түйіндеме) және Қарағанды облыстары (7 мың бос жұмыс орны және 1,1 мың түйіндеме) мен Алматыда (10,3 мың бос жұмыс орны және 3,4 мың түйіндеме) мамандардың тапшылығы байқалды.
Электрон еңбек биржасының мәліметінше, былтыр желтоқсанда білікті қызметкерлер арасында жылжымайтын мүлік агенттері (2,9 мың бос жұмыс орны), әлеуметтік қызметкерлер (1,3 мың бос жұмыс орны), күзетшілер (1,2 мың бос жұмыс орны), санитарлар (1,2 мың бос жұмыс орны), аспаздар (1,1 мың бос жұмыс орны), сонымен қатар тәрбиешілер мен олардың көмекшілері – тиісінше 1,1 мың және 851 бос жұмыс орны жоғары сұранысқа ие болды. Іздеушілер арасында негізінен автокөлік жүргізушілері, сатушылар, бухгалтерлер және заңгерлер болды.
Сұраныстың ұсыныстан жалпы басымдылығына қарамастан, желтоқсан айында вахтерлер (268 бос жұмыс орны және 561 түйіндеме), HR бизнес серіктестері (22 бос жұмыс орны және 153 түйіндеме) және дене шынықтыру мұғалімдері (106 бос жұмыс орны және 231 түйіндеме) айтарлықтай асып түсті, – деді Александра Молчановская.