18 қаңтарда таңғы сағат 6:10-да тікелей коксты газ құбыры опырылып түсті. 20 метр аумақ зақымданған. Зардап шеккендер жоқ, себептері анықталып жатыр, — делінген хабарламада.
Еске салайық, былтыр 8 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртауда» апат болып, бір адам қаза болған еді.