Басты бетЖаңалықтарШетел көлігін...

Шетел көлігін заңдастырмаған жағдайда қандай жаза қолданылады?

Шетел көліктерін заңдастыру – бірреттік акция. Ол биыл 23 қаңтарда басталып 1 шілдеге дейін жалғасады. Шетелдік автомобильді талап бойынша тіркемеген жағдайда заң бойынша жауапкершілік қарастырылады. Еліміздегі шетел көліктердінің дені сақтандыру полисі негізінде қолданылып жүр. Автомобиль белгіленген уақытта заңдастырылмаса, сақтандыру полисі тоқтатылып, көлік коммуналдық автотұраққа қойылады, — деді Елжан Чупеков елорданың полиция департаментінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінде ел аумағында сақтандыру полисі арқылы жүрген 300 мыңнан астам шетел автомобилі бар.

Еске салайық, елімізде шетел көліктері 23 қаңтардан бастап заңдастырылады.