Басты бетЖаңалықтарСенат депутаттарының...

Сенат депутаттарының сайлауы басталды

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, сенат депутаттарын сайлау бюллетеніне 55 кандидат тіркелген. Оның ішінде Алматыдан — 4, Жамбыл, Павлодар, Алматы, Жетісу, СҚО және Түркістан облыстарынан — 2 кандидат бар. Басқа өңірлерден және Астана мен Шымкентте 3 кандидаттан тіркелген.

Астана қаласынан Сенат депутаттығына түсетін кандидаттар:

— «Бейбітшілік пен келісім сарайы» нысанының басқарушысы Наримаш Мұхамбеталина;

— «Астана-Жылутранзит» АҚ басқармасының төрағасы Бағдат Азбаев;

— Сенат төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай.

Алматы қаласынан:

— Алматы сервис және технология мемлекеттік колледжінің директоры Жарқын Жаниязова;

— «Youthart» қоғамдық қорының директоры Кристина Бекмырзаева;

— Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева;

— «Алматы даму орталығы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Жанна Асанова.

Шымкент қаласынан:

— Шымкент қалалық кәсіподақтар орталығының директоры Бауыржан Алтеев;

— Шымкент қалалық мәслихаты тұрақты комитетінің төрағасы Альбина Елшиева;

— Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров.

Абай облысынан:

— «Шығыстүстімет» ЖШС әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығы Кималидин Әпенов;

— «Эйкос» ЖШС даму жөніндегі директоры Анжела Маслова;

— Семей құрылыс колледжінің директоры Қайрат Тастекеев.

Ақмола облысынан:

— Ақмола облыстық мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова;

— Ақмола облыстық білім басқармасы жанындағы «Bolashaq saraiy» мекемесінің басшысы Айнагүл Балташева;

— Ақмола облыстық мәсихатының хатшысы Талғат Жүнісов.

Ақтөбе облысынан:

— Ақтөбе облысы бойынша «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Дана Бекбауова;

— Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің проректоры Рахым Бекназаров;

— Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Амангелді Нұғманов.

Алматы облысынан:

— Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев;

— Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас;

Атырау облысынан:

— «Жайық-Атырау бекіре өсіру зауыты» РМҚК директоры Ғылман Сәрсемалиев;

— Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің директоры Бағит Шеркешбаева;

— Атырау облыстық мәслихатының депутаты Әлібек Наутиев.

Батыс Қазақстан облысынан:

— Батыс Қазақстан облысы туристік қауымдастығының директоры Айболат Құрымбаев;

— Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің проректоры Ақылбек Сұлтанов;

— Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов.

Жамбыл облысынан:

— Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Байзақ аудандық білім бөлімі, «Тірек мектебі» мекемесінің директоры Сұлтан Өсербаев;

— Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев.