«ЕкібастұзТеплоЭнерго» компаниясы жабдықтың істен шыққанын растады.
Қыс басталғалы күні-түні жылытқышпен отырдық. Ұялмай жылу пайдаландыңдар деп түбіртек жібереді. Үйде температура 17 градустан жоғары көтерілген жоқ. Қазір тіпті 7-8 градус, — деп жазды тұрғындар.
Жергілікті жұртшылық көмек сұрап отыр.
Айта кетейік, кеше Екібастұз әкімі Аян Бейсекин «Екібастұз ЖЭО-сы штаттық режимде жұмыс істеп тұр» деп жазған болатын.