Әуе айлағының қалыпты жұмыс істеп тұрғанына қарамастан, түрлі әуе компаниясының 9 рейсінің жолаушылары елорда әуежайынан ұшып кете алмай отыр.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 қаңтарда Астанада 23 рейс кешігіп жатыр. Олардың 9-ы ұшып кетуге және 14 рейс ұшып келуге тиіс болатын.
Жолаушылар соңғы ақпаратты әуе компанияларының call-орталықтарынан, сонымен қатар әуежайдың ұшып кету және ұшып келу бойынша анықтама бөлімінен біле алады, — делінген хабарламада.
Елорда әуежайы аумақта, оның ішінде ұшу-қону жолағында қар тазалау жұмысы үздіксіз жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Рейстердің ұшып келу және ұшып кету уақыты туралы ақпаратты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының онлайн таблосынан білуге болады.