Алғаш рет 5G желісі іске қосылды

Қазіргі уақытта 5G желісі Сиэтл, Вашингтон, Хьюстон, Атлант, Даллас, Майами мен Денвер аумағында жұмыс істеп тұр. Жаңа желінің кем-кетігі әзірге тексеріліп, сынақтан өткізілуде. Бұл желі бір секундта он гигабиттік мәліметтерді жіберуге мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуы бойынша, желі 100 млрд мобильді құрылғыны ғаламторға қоса алады. 2020 жылы 5G барлық қолданушыларға қолжетімді болады деп жоспарлануда.

Cондай-ақ Қытайда да бұл желіні белсенді түрде сынақтан өткізіп жатыр. Олардың айтуы бойынша, 5G бір секундта он екі гигабиттік мәліметтерді жіберуге мүмкіндік туғызбақ.

Ресейде жаңа желі 2018 жылы футболдан әлем чемпионаты кезінде сыналмақ. Ал Белоруссияда 5G технологиясын жетілдіруді ағымдағы жылдан бастауды жоспарлап отыр.

ДереккөзСharter97.org