Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ресми мәліметке сәйкес, шенеунік бүгін, 9 қаңтарда ұсталды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу шеңберінде жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері М. Қожабаевты ұстады. Жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.