Қозғалыс бағытының қалыптасу тарихы

Тарихшылардың болжауынша, қозғалыс бағытының қалыптасуына біздің дәуірімізге дейін 50 жылдары өмір сүрген Гай Юлий Цезарь себеп болған. Ол күймелердің қозғалысын ретке келтіру үшін ережелер шығарған. Нәтижесінде аттылар мен күйме жеккендердің бәрі жолдың тек қана сол жағымен жүруге міндеттелген. Оған себеп — адамдардың оңқай болуылары. Жауынгерлер жекпе-жекке шыққанда аттың сол жағынан мініп, қаруларын оң қолына ұстағандықтан жекпе-жекте бір-біріне сол жағынан келу ыңғайлы болған.

жекпе-жек
Көрнекі сурет ©ria.ru

Жауынгерлік дәуір аяқталған соң да, жол қозғалысының ережесі өз маңызын жоғалтқан жоқ. 20 ғасырдың басында алғашқы көліктер пайда бола бастағанда, рөлді қай жағына орналастыру туралы пікірталастар туды. Ол кезде Англия, Швеция мен Австро-Венгрия елдерінде ғана аттылар жолдың сол жағымен жүретін, басқа елдерде — оң жағымен. Ал Италияда мүлдем ереже жоқ еді, адамдар жолдың қалаған жағымен жүре беретін. Бұл жол қозғалысын қиындатып жіберді.

Бастапқыда оң жақпен қозғалатын елдер көп болғандықтан, көліктің рөлін оң жағына орналастырды. Алайда, көлік көбейген сайын қауіпсіздік мәселесі алға шығып, адамдардың бір-бірін басып озу кезінде апатқа ұшырауы жиілеп кеткендіктен, рөлді сол жаққа ауыстыру туралы бастама көтерілді.

Рөлді ең бірінші болып сол жаққа қойған Ford корпорациясы еді. Ол 1908 жылы «Т» модельді рөлі сол жақта орналасқан көлік шығарды. Осыдан кейін көптеген компаниялар көліктің рөлін сол жағына алмастырды. Тек жарысқа арналған жылдам көліктердің рөлі ғана оң жағында қалдырылды.

Ford "Т" моделі
Ford «Т» моделі, ©autowereld.com

Сондай-ақ, жүргізушінің қарсы бағытқа шығып кетуін азайту үшін де рөлді сол жаққа орналастырған деген дерек бар.

Қай елде жолдың қай жағымен жүру керек?

Әр елдегі қозғалыс бағытының қалыптасуына әртүрлі жағдайдар себеп болған. Көптеген елдер Наполеон кезінен келе жатқан оң бағытты таңдаса, бірқатар елдер сол жақпен қозғалғанды дұрыс санайды және соны талап етеді.

Мысалы, Ұлыбритания, Ирландия, Мальта, Кипр сынды еуропалық елдерде қозғалыс сол бағытта жүреді.

Азиядағы сол бағытты ұстанатындардың қатарында Жапония, Үндістан, Шри-Ланка, Пәкістан, Индонезия, Таиланд, Непал, Малайзия, Сингапур, Бангладеш, Макао, Бруней, Бутан, Мальдив аралдары мен Шығыс Тимор бар.

Жапониядағы көлік қозғалысы
Жапониядағы көлік қозғалысы, ©we-live.org

Африкадағы ОАР, Ботсвана, Уганда, Замбия, Зимбабве, Кения, Намибия, Мозамбик, Маврикий, Свазиленд пен Лесото да сол бағытты дұрыс деп санайды.

Латын Америкасы, Ямайка, Барбадос, Гайана, Суринам, Антигуа, Барбуда мен Багам аралдарында, Австралияда, Жаңа Гвинея, Жаңа Зеландия, Фиджи, Самоа, Науру мен Тонгада да көліктер жолдың сол жағымен қозғалады.

Қазіргі таңда елдердің 66 пайызында қозғалыс жолдың оң жағымен жасалады. Ал, 28 пайызында — сол жақпен.

АҚШ та 18 ғасырдың соңына дейін сол жақ бағытты ұстанатын. Оның оң жаққа ауысуына «штаттардың» Британиядан тәуелсіздігі үшін күрескен француз генералы себеп болған.

Канада көліктері де 20 ғасырдың 20 жылдарына дейін сол жақ бағытта қозғалатын.

Көліктің қай бағыттағы қозғалысқа арналғанын қалай біледі?

Ең басты ерекшелігі әр бағытқа арналған көліктердің рөлі әртүрлі орналасады: сол жақпен қозғалатын елдерге арналған көліктерде рөл оң жақта болса, Қазақстандағы сияқты оң жақпен қозғалатын елдерде рөлі сол жақта орналасқан көліктерді айдаған дұрыс.

Рөлі дәл ортасында орналасқан көліктер де бар. Мысалы, McLaren F1.

MCLAREN F1
MCLAREN F1 көлігі ©cargurus.com

Сондай-ақ, әйнек тазалағыштарына қарап та, көліктің қай бағытпен жүруге арналғанын анықтауға болады.