Баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы екі тәулік бойы Алматыда қалың қар жауып, ауа температурасы түнде 18, күндіз 15 градусқа дейін төмендейді. Синоптиктер болжамы бойынша одан кейінгі күндері 25 градусқа дейінгі қатты аяз болады.
Қаланың коммуналды қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.
Көктайғақ болуына байланысты жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, көлік арасындағы арақашықты ұлғайтуға кеңес береміз. Ал жаяу жүргіншілерден тротуарлармен жүргенде абай болуын сұраймыз. Жұмысқа кешігудің алдын алу үшін үйіңізден ертерек әрі жылы киініп шығуға кеңес беріледі, — делінген хабарламада.