Басты бетЖаңалықтарТалдықорғанда ақбөкен...

Талдықорғанда ақбөкен мүйіздерін сатпақ болған ауыл тұрғыны ұсталды

8 қаңтарда күдікті полицейлердің, ҰҚК шекара қызметінің және ұлттық ұлан арнайы күштері қызметкерлерінің көмегімен ұсталған. Ақсу ауданының 32 жастағы тұрғыны ақбөкен мүйізін заңсыз сатпақ болған.

Тінту кезінде 222 дана жануарлардың дериваттары бар екі жол сөмкесі тәркіленген.

Тергеу қылмыстық кодекстің 339-бабына сәйкес жүргізіледі (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сонымен қатар пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу).

Ұсталған адам қамауға алынды.