Бірқатар өңірде бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды

Абай облысында 9 қаңтар күні Семей және Курчатов қалаларында, Бесқарағай, Аягөз аудандарында бірінші ауысымның 1-11 класс оқушылары және колледж студенттері онлайн білім алады. Қалған аудандарда сабақ әдеттегідей офлайн режимде өтеді.

Шығыс Қазақстанның Глубокое ауданында 0-11 класс оқушылары үйде қалады.

Қостанай облысында облыс орталығы мен Рудныйда, Амангелді, Жангелдин, Жітіқара аудандарында балалар мектепке бармайды.

Сонымен қатар Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында 35 градус аязға байланысты 0-11 класс оқушылары және колледждің 1,2 курс студенттері қашықтан оқиды.

Одан бөлек Ақмола облысының Көкшетау қаласында да 0-11 класс оқушылары үйде қалды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да