Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі тағы 2 айға ұзарды

Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды, — деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, былтыр 7 қаңтарда Алматыда полицейлер Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.