Басты бетЖаңалықтар"Қазақпыз ғой"...

«Қазақпыз ғой» немесе кешігуден қалай арылуға болады?

Шамадан тыс оптимизм — барлық кешігудің себебі

Сіз бару керек шара сағат 17.00-де басталады деп хабарланса және сіз оны 17.30-да басталады, әлеуметтік желіні қарай тұрайын десеңіз және Google Maps-тан қанша уақытта жетіп алатыныңызды ойласаңыз, онда сіз шынымен әрдайым кешігіп жүретіндердің қатарындасыз.

Барлық жоспарды бұзушы — «уақыт әлі бар» деген тоқмейілділік. Қалтаңызға артық ақша салып жүргендей, уақытты да артығымен есептеп жүргеніңіз абзал болар. Сонда өзіңізге артық уайым, стресс жинамайсыз.

Оптимизм, әр нәрсе туралы жақсы ойда болу, әрине жақсы. Дегенмен, күтпеген оқиғалардың жиі орын алатыны да сізге таныс шығар.

Көшеде көлік кептелісі жоқ уақытта жұмысқа 25 минутта жеткен болсаңыз, ертеңінде де бұл уақытқа есеп жасамаңыз. Жұмыс кезінде де осы қағиданы еске алыңыз. Біз күнделікті жоспардың тізімін мінсіз жасап қоюымыз мүмкін. Алайда оны толықтай орындай алмай жатамыз. Содан өз-өзімізге жекіп, ойлағанымызды іске асыра алмасақ, өзімізді жолы болмаған адам ретінде сезінеміз. Бірақ бұл сіздің нашар жұмыс істегеніңізді байқатпайды. Сіз жай ғана мүмкіндіктеріңізге асыра «мастандыңыз».

Тайм-менеждменттің супер әдістері де көмектеспейді — егер сіз барлық жоспарға шынайылықпен баға беріп, уақытты есептемесеңіз. Жарты сағаттық жиналыс, 45 минутқа созылады. 7 минутта жүріп өтемін деген жолды сіз 14 минут жүруіңіз мүмкін. Шынайы бағалау болмаса, сіз өзіңізге шамадан тыс жүк артып қоясыз.

Кешігуден арылуға көмектесетін қарапайым екі кеңес

Егер әрдайым кешігіп келетіндіктен өзіңізді кінәлі сезінсеңіз, қатты қапаланбаңыз: бұл сіздің өзгелердің уақытын бағаламайтын эгоистік көзқарасыңыз емес. Барлық гәп сіздің дұрыс құрылмаған жоспарыңызда.

  1. ӘРДАЙЫМ бір сағат уақытты қорда сақтаңыз. Мысалы, қандай да бір шара 15.00 басталады десе, сіз оны 14.00 де басталады деп ойлаңыз. Есесіне ертерек дайындалып, уақытыңыз артылып қалып жатса, қосымша пайдалы іспен айналысасыз. Кешігіп келгеннен, ерте келген әлдеқайда абыройлырақ. Әрі асығып, бойыңызға артық уайым жинамайсыз.
  2. Бір күн уақытыңызды не нәрсеге жұмсайтындығыңызды бақылап көріңіз. Сонда ғана уақытыңыздың қандай бөлігі пайдалы, қандай бөлігі зая кеткендігін аңғарасыз.

Оптимизм сіздің кешігіп келіп, кешірім сұрауыңыз үшін қызмет етпеуі қажет. Бұл құндылық сіздің айналаңызға мейірімділік таныту үшін көмектессін.