Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Әлихан Смайылов үкіметтегі өзгерістерді түсіндірді

Әлихан Смайылов. Фото: Primeminister.kz

Бұл туралы Рrimeminister.kz сайты хабарлады.

Әлихан Смайылов премьер-министр кеңсесін үкімет аппараты ретінде қайта құру мемлекет басшысы бастамашылық еткен институционал реформалардың маңызды элементі екенін айтты.

Оның айтуынша, орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын, құрылымдық өзгерістерді жалпы үйлестіру күшейтіледі.

Ол үшін аппараттың құрылымы мен оның қызметі оңтайландырылады. Үкімет пен премьер-министрдің сараптамалық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық қызметін қамтамасыз ету күшейтіледі. Аппарат президент әкімшілігімен бірлесіп шешім қабылдау рәсімдерін бюрократиядан арылту және шамадан тыс регламенттеуді жою жөніндегі жұмысты жалғастырады, — деді Әлихан Смайылов.

Мақалаға реакция