Өткен жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша банк секторы бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың (NPL90+) деңгейі жалпы несие портфелінің 3,6%-ін немесе 850 миллиард теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы 1 қаңтарда – 3,3% немесе 669 миллиард теңге болған еді.
Сонымен қатар жеке тұлғаларға кредиттер 2022 жылғы қарашада 3,8%-ке ұлғайып, 13,9 триллион теңгені құрады (2022 жылдың басынан бері 29,4%-ке өсті). Жеке тұлғаларға кредиттердің өсуіне жеңілдетілген мемлекеттік ипотекалық бағдарламаларды іске асыруды жалғастыру нәтижесінде ипотекалық кредиттеудің 2,1%-ке 4,5 триллион теңгеге дейін ұлғаюы, сонымен қатар тұтынушылық қарыздардың 4,4%-ке 7,6 триллион теңгеге дейін өсуі себеп болды, — делінген агенттік хабарламасында.