Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Магистратура бойынша мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі шықты

Фото: Liter.kz

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша берілді. Оның құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер және Қазақстан студенттер альянсының өкілдері кірді.

Білім беру гранттарын беру конкурсына барлығы 2 029 адам қатысты. Отырыс қорытындысы бойынша 1 774 адам мемлекеттік білім беру грантының иегерлері атанды, оның ішінде бейіндік магистратура бойынша 100 грант, — делінген ақпаратта.

Оқуға қабылдау 10 қаңтардан ЖОО-ның академиялық күнтізбесіне сәйкес басталады.

Exit mobile version