Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрлан Құрмалаев 1988 жылы Алматыда туған.

Т. Рысқұлов атындағы қазақ экономика университетін, Оксфорд Брукс университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2010 жылы жекеменшік компанияда менеджер болып бастаған.

Әр жылдары коммерциялық компанияларда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2015-2017 жылдары – «Astana Innovations» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, кеңесшісі.

2018-2019 жылдары – «Самұрық Қазына» КУ ЖМ цифрландыру жөніндегі менеджері.

2019-2021 жылдары – ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.

2021 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.