Метеорологтардың болжамы бойынша, 29-31 желтоқсанда Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі.
Қар жауады, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, бұрқасын, оңтүстік пен оңтүстік-батыста — көктайғақ күтіледі. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді, — делінген хабарламада.
